«Командир күш қолданды»: Атыраудағы арнайы жасақта жанжал туды (ВИДЕО)
Кадрларда қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, күш қолдану белгілері анық байқалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда арнайы жасақ төңірегінде кезекті дау туындады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін бөлімше басшылығының қарамағындағы қызметкерлерге дөрекі қарым-қатынас жасағаны туралы айыптар айтылып жатыр.
Кадрларда қызметтік бөлмеде екі қызметкерге бейәдеп сөздер айтылып, олардың бірі күш қолдану арқылы соққыға жығылғаны байқалады. Сондай-ақ, оқиға кезінде бөгде адамдар кіріп кетпеуі үшін есікті жауып тұрған адам да көрінеді.
Бейнемен бірге жарияланған үндеуде бұл іске облыстық полиция департаментінің арнайы жасақ командирі Еркебұлан Сапанов, сондай-ақ рота командирлері Ерік Қарабаев пен Нұрбақыт Басаровтың қатысы бар екені айтылған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қызметтік тәртіптің бұзылғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, тәртіп бұзған қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданған. Сонымен қатар, бөлімше басшылығының әрекетіне байланысты қызметтік тексеріс басталған. Оның қорытындысы бойынша нақты құқықтық баға берілмек.
Айта кетейік, бұл аталған бөлімшедегі алғашқы дау емес. Бұған дейін де қызметкерлер тарапынан қысым көрсету және ақша жинау туралы шағымдар түскен, алайда ол кезде бұл деректер ресми түрде расталмаған.
Материал авторы