Перизат Қайраттың люкс көлігі мемлекетке өтті

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2026, 17:49
269
Перизат Қайраттың люкс көлігі мемлекетке өтті sauda.e-qazyna.kz

Перизат Қайраттың 80 миллиондық Mercedes-і электронды сауда арқылы мемлекетке берілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік органдардың балансына берілді. Бұл туралы электронды сауда алаңындағы ресми мәліметтерде жарияланды.

7 сәуір күні өткен электронды сауда нәтижесінде аталған көлік мемлекеттік заңды тұлғалардың меншігіне рәсімделген. Сауда мәртебесі «өтті» деп көрсетілген.

Әңгіме 2024 жылы шығарылған, қара түсті, 777KPK01 мемлекеттік нөмірі бар көлік туралы болып отыр. Құжаттарға сәйкес, көліктің аккумуляторы отырғандықтан, техникалық жағдайын толық тексеру мүмкін болмаған. Автокөлік дабыл жүйесі бар кілтпен бірге тапсырылған. Салоны ақ былғарымен қапталған.

Көліктің бағалау құны шамамен 79,4 миллион теңгені құраған. Сондай-ақ, оған тыйым салу шаралары, яғни қамау қойылғаны көрсетілген.

Қайраттан тағы қандай мүлік тәркіленді

2025 жылдың қыркүйегінде Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген активтер аукционға шығарылатынын хабарлаған еді.

Тізімге Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі бірнеше пәтер мен автотұрақ орындары кірген.

Сондай-ақ, қымбат автокөліктер — Mercedes-Benz S 450, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE және Haval H6 GT тәркіленген. Бұдан бөлек, гүл бизнесіндегі 100 пайыз үлес, 97 миллион теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары мемлекет пайдасына алынған.

Тәркіленген мүліктер қатарында әлемдік брендтердің күннен қорғайтын көзілдіріктері, аяқ киімдері мен аксессуарлары да бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды