SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескерту таратты.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысында ауа райы құбылмалы болады: өңірдің бірнеше бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жезқазғанда да найзағайлы жаңбыр болжанып отыр.
Қарағанды облысының батысында жаңбыр мен найзағай, солтүстігінде найзағай күтіледі. Кей аумақтарда тұман түседі. Сонымен қатар өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында тұман түсіп, жел күшейеді. Атырау облысында жаңбыр мен найзағай, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысында найзағай, дауыл және екпінді жел болжанып отыр. Кей аумақтарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында да найзағай мен тұман күтіледі. Оралда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Маңғыстау облысында жел күшейеді. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман жиі байқалады.
Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай, екпінді жел болады. Өңірде, сондай-ақ Алматы мен Қонаев қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай және дауыл болжанып отыр. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында да қолайсыз ауа райы күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және қатты жел болжанған.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні кей жерлерде 28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Қостанай және Ақмола облыстарында да жаңбыр, найзағай, тұман және екпінді жел күтіледі.
RUS