Жамбылда енесін қарызға батырған келін сотталды

08.04.2026, 10:30
219
Жамбылда енесін қарызға батырған келін сотталды ЖИ

Айыпталушы өз атына несие ала алмаған соң, енесінің жеке деректерін заңсыз пайдалануға көшкен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында отбасылық сенімді аяққа таптаған алаяқтық ісі сотта қаралып, үкім шықты. Айыпталушы – Жуалы ауданының тұрғыны, өз енесінің атына заңсыз несие рәсімдеген келін.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қарашасында әйел өз атына несие ала алмаған соң, басқа жол іздеген. Ол үшін енесінің жеке деректерін пайдалануға бел буған. Несие рәсімдеуге көмектесетін белгісіз адамға жүгініп, енесі бәрінен хабардар әрі келісім берген деп сендірген.

Кейін айыпталушы туысының телефонына қол жеткізіп, растау кодын өзі айтып, онлайн тексерістен енесінің атынан өткен. Осылайша, жәбірленушінің атына 1,5 млн теңге несие рәсімделген.

Сот дерегінше, аталған соманың 1,1 млн теңгесі енесінің есепшотына түскен. Алайда айыпталушы бұл қаражатты өз шотына аударып, жеке қажетіне жұмсап жіберген. Ал жәбірленуші несие туралы тек ай сайынғы төлемдер пайда болған кезде ғана білген.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Іс бойынша кінә тараптардың жауабы мен өзге де дәлелдер арқылы толық дәлелденді.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыптының кінәсін мойындауын, өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді.

Нәтижесінде әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, келтірілген 1,5 млн теңге шығынды толық өтеу міндеті жүктелді. Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды