«Босатып жіберді»: Атырауда курьерге пышақпен шабуыл жасалды (ВИДЕО)
Жәбірленуші қауіпті жағдайдан әзер құтылып, бірден полицияға хабар берген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда курьер қызметін атқарып жүрген азамат тапсырыс жеткізу кезінде қарулы шабуылға тап болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға Жұлдыз шағын ауданында болған.
Курьердің сөзінше, ол тапсырысты жеткізу үшін мекенжайға келген сәтте тапсырыс беруші үйінен қолына пышақ ұстап шығып, оған қарай бет алған. Қауіпті жағдайдан ол әзер қашып құтылған.
Жәбірленуші бірден полицияға хабар бергенін айтады. Алайда оның мәліметінше, күдікті кейін босатылған болуы мүмкін.
Курьер шабуыл жасаған адамның айналасына да қауіп төндіруі ықтимал екенін айтып, құзырлы органдардан нақты шара қабылдауды талап етті.
Оқиғаға қатысты ресми органдар әзірге толыққанды түсініктеме берген жоқ.
Материал авторы