17 жастағы оқушы мұғалімді пышақтап өлтірді

08.04.2026, 11:58
369
17 жастағы оқушы мұғалімді пышақтап өлтірді әлеуметтік желіден

Оқушы мұғалімге таңертең мектеп кіреберісінде шабуыл жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Пермь өлкесіндегі Добрянка қаласында мектеп маңында болған шабуыл қайғылы аяқталды. Жоғары сынып оқушысы мұғалімге пышақпен шабуыл жасап, салдарынан ұстаз ауруханада көз жұмды.

Аймақ губернаторы Дмитрий Махониннің мәліметінше, оқиға сейсенбі күні таңертең №5 мектептің кіреберісінде болған. 17 жастағы жасөспірім ұстазға бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақаттаған. Мұғалім жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қаза болған Олеся Багута орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сондай-ақ мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған. Ол білім беру саласына шамамен 30 жылын арнап, кәсіби еңбегімен танылған. 2018 жылы «Жыл мұғалімі» байқауының лауреаты атанған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, марқұм педагог ұстаздар әулетінен шыққан — оның анасы да мұғалім болған. Қала билігі марқұмның отбасы мен жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл жасаған оқушы тоғызыншы сыныпта оқиды және полиция есебінде тұрған. Құқық қорғау органдарының дерегінше, ол мен мұғалім арасында ұзаққа созылған жанжал болған.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Іс Ресей Тергеу комитетінің орталық аппаратының бақылауына алынған. Күдікті жасөспірім ұсталған.

Оқиғадан кейін Пермь өлкесіндегі мектептерде қауіпсіздік шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды