SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оксфорд университетінде сабақ беретін докторант Меруерт Бижанова жалақысын көрсетті. Жалақыны чек арқылы пошта арқылы алғанын айтып, соңғы үш айдағы еңбегінің жемісін көргенде ерекше толқығанын жеткізді.
«Студенттерді оқытып, өз еңбегіммен тапқан жалақымды Оксфорд университетінің арнайы «Royal Mail» пошта қызметімен алғанымды көргенде бір толқыдым», — дейді докторант Меруерт Бижанова.
Меруерттің айтуынша, ол өткізген сабақ сағатына 14 мың теңге көлемінде бағаланады.
Докторанттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тез таралып, қолданушылардан жылы пікірлерге ие болды. Көпшілік оны білім мен еңбек үлгісі ретінде атап, табысқа жеткен қазақ жастарын мақтан тұтатындарын жеткізді.
«Мақтан тұтарлықтай іс», « Ішіп-жеп, кигенімен емес осындай білімімен мақтануға тұратындай. Тіл көзден аман бол қазақ қызы», «Таудай талабыңмен дарының сәтімен болғай , жарығым! Аллаға аманат, жаныңа жаны жұмсақ жандар жиналғай!», «Сіздей білімді жастарымыз көп болсын, шын жүректен қуанып отырмын», «Оксфорд филиалы Қазақстаннан ашылуына себепкер Ғалым болуыңызға тілектеспін!», — деп жазды желі қолданушылары.
RUS