SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында 51 жастағы ер адамның қаза болуы тұрғындарды шошытты. Ер адам бесінші қабаттың балконнан секіріп, оқиға орнында қаза тапты.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, 7 сәуірде полиция қызметкерлеріне пәтердің есігін ашуға көмек көрсетіп жатқан кезде ер адамның психоневрологиялық есепте тұрғаны және өзіне зиян келтіру қаупі бар екені анықталған. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнында құтқару шеңберін орналастырған.
Өкінішке қарай, барлық сақтық шаралары қолданылуына қарамастан, ер адам ауруханада қайтыс болды. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу кезінде анықталады.
RUS