958

Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жатқаны белгілі болды

3,5 млрд теңге жымқырды деген Перизат Қайрат қамауда бос жатпай, жұмыс істеп жүр.

Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жатқаны белгілі болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталған Перизат Қайраттың жазасын өтеу барысы туралы мәлімет берді. Ведомствоның хабарлауынша, ол сот шешіміне сәйкес түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр және еңбекке тартылған.

Ресми дерекке сәйкес, сотталғанның негізгі міндеті – мекеме ішіндегі қызметтік бөлмелерді тазалау. Бұл жұмыс қылмыстық-атқару жүйесіндегі еңбекпен қамту талаптарына сай ұйымдастырылған.

Еске сала кетейік, Перизат Қайрат қайырымдылық мақсатында жиналған 3,5 миллиард теңгені жеке пайдасына жұмсады деген айыппен 25 шілдеде 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.

Осы іс аясында оның анасы Ғайни Алашбаева да жауапқа тартылып, 7 жылға сотталған.

Материал авторы