SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана іргесіндегі Жібек жолы кентінде болған қатыгез қылмысқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, іс бойынша сот-психиатриялық сараптама тағайындалған.
Вице-министрдің айтуынша, күдікті бұған дейін де басқа іс аясында есі дұрыс емес деп танылған. Қазіргі таңда оның психикалық жағдайын анықтау үшін кешенді сараптама жүргізілуде. Тергеудің әрі қарайғы бағыты осы қорытындыға тікелей байланысты болмақ.
Егер сараптама нәтижесі бойынша күдікті есі дұрыс деп танылса, іс айыптау актісімен сотқа жолданады. Ал керісінше жағдайда, оған мәжбүрлі медициналық шаралар қолдану туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Еске салайық, наурыз айының басында мессенджерлерде Жібек жолы кентінде бір отбасының қатыгездікпен өлтірілгені туралы ақпарат тараған еді. Құқық қорғау органдары күдіктіні жедел түрде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
RUS