665

Күтушінің күйеуі 3 жастағы баланы ұрып өлтірді (ВИДЕО)

Ауырып мазасызданған баланы ашулы еркек кеудесінен ұрып ажал құштырды.

Күтушінің күйеуі 3 жастағы баланы ұрып өлтірді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда Ташкент қаласының Алмазар ауданында жантүршігерлік оқиға болды: үш жастағы Аброр Зухратуллаев күтушінің күйеуінің соққысынан көз жұмды.

Белгілі болғандай, бала 2023 жылдың қараша айынан бері күтушінің қарауында болған. Оқиға күні оның дене қызуы көтеріліп, дәрігерлер стоматит диагнозын қойған. Ауырып, мазасызданған бала үздіксіз жылаған.

Осы жағдай күтушінің 26 жастағы күйеуі А. Хусановтың ашуын туғызған. Ашуға булыққан ер адам баланы кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып жіберген.

Ауыр жарақат алған бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іс Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 104-бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор