Түркістандағы NIS электр энергиясын енді күннен алады

01.05.2023, 12:55
401
Түркістандағы NIS электр энергиясын енді күннен алады НИШ

Бүгін Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күн көзінен қуат алатын электр станциясы іске қосылды.

Бұл NIS пен «Шелл» компаниясының «Мектептерге күн энергиясы» бірлескен жобасы аясында жүзеге асты.

2018 жылы ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен «Шелл» компаниясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектептерге күн энергиясы» атты пилоттық жобаны енгізді.

Жоба мақсаты – еліміздегі 5 мектепте энергияның шағын қуатты жүйесін құруға бағытталған бірегей платформа жасау. Сондай-ақ жас буынның жаратылыстану ғылымдарына, технологияға, инновацияға және кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру.

Күн станциясының құрылысы 2022 жылдың қараша айында қолға алынды. Енді  мектептің жылдық электр энергия шығыны орта есеппен 30%-ға, яғни 2-6 млн теңгеге дейін үнемделеді. Ең бастысы, 240 фотоэлектрлік панельден тұратын жүйелер СО2 көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Ал артылған электр қуаты қалалық желіге жөнелтіліп, энергияны үнемдеуге септігін тигізеді. Фотоэлектрлік жүйенің ұзындығы 75 метр болса, биіктігі 5 метрге дейін жетеді. 

Күн станциясының ашылу салтанатына Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, NIS Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Күләш Шәмшидинова мен «Шелл» компаниясының Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және ТМД елдері бойынша корпоравтивтік қатынастар жөніндегі вице-президенті Джоанна Кунзберг қатысты.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков өз сөзінде небәрі бір жарым жыл бұрын ашылған білім ордасының баламалы энергия көздерін пайдалануы қуанышты жаңалық екенін атап өтті:

– «Шелл» компаниясы мен NIS арасындағы «Мектептерге күн энергиясы» бірлескен жобасы бүгінде жемісін берді. Осы тұста жоба аясында бесінші фотоэлектрлік жүйесінің Түркістанда қалануы – тарихи сәт!  Бұл мақсатты іске асыруда Зияткерлік оқу ордасының орны ерекше. Білім ұясы бір жарым жылдан бері Түркістан халқының зияткерлік әлеуетін арттыруға аянбай қызмет етіп келеді. Сондықтан біз өздеріңіздей алғыр да ақылды шәкірттерден экология, экономика тақырыптарын терең зерттейтін тың жобаларды күтеміз.

Сонымен қатар компания жасөспірімдердің табиғи қуат көздерін зерттеуге қызығушылығын арттыру үшін мұғалімдерге арнап «Шелл NXplorers» бағдарламасын ұйымдастырды. Ал 2022 жылдың қазан айында Түркістан облысының ұстаздары үшін арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту тренингі өткізілді.

– «Мектептерге күн энергиясы» жобасы – NIS стратегиясының маңызды бөлігі. Бұл STEM-білім беруді енгізу мен ең бастысы, оқушылар арасында эко-мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға зор жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеудегі табысты бастама екенін бесінші мәрте дәлелдеді. Қазіргі таңда экологиялық мәдениетті ғалымдар адамзаттың табиғатпен бірлігі негізінде қарастырып жүр. Расында, мұндай адам қоршаған ортаға қамқорлық жасап, оның жойылуы мен ластануына жол бермейді, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Айта кетейік, еліміз бойынша дәл осындай күн электр станциясы Астана, Орал, Атырау және Ақтау қалаларында орналасқан Зияткерлік мектептерде де бар. Бұл жүйелер әр мектепке 100 кВт энергия өндіруге мүмкіндік береді. Күн батареялары әр мектептің қажеттілігін қанағаттандыру үшін арнайы әзірленген металл қондырғыларға бекітілген.

– Күн панелдерінің қондырылуы жас буын үшін жаңартылған энергия көздері бойынша табысты ғылыми жобалар жасаудың, мамандық таңдау мен болашақты айқындаудың қайнар көзіне айналды, – деп мойындады NIS Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Күләш Шәмшидинова.

Ал Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және ТМД елдері бойынша «Шелл» концернінің корпоративтік қатынастар жөніндегі вице-президенті Джоанна Кунзберг еліміздің қоршаған ортаны қорғау мен баламалы энергия көздерін өндіріске енгізу бағытындағы бастамаларына ерекше тоқталды:

– Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін үлкен мақсаттар қойды. «Шелл» компаниясы мемлекеттің осы мақсатқа қол жеткізудегі барлық бастамаларын қолдайды. Компаниямыздың «Мектептерге күн энергиясы» жобасы осы өтпелі кезеңге өз үлесімізді қосуға бағытталған жобалардың бірі.

Cалтанатты шара оқушылардың ғылыми-зертханалық және интерактивті жобалары қойылған Green Zone, STEM Zone, Art Zone және Public Zone аймақтарында жалғасты, зияткерлер биотехнология мен физика саласындағы ғылыми жетістіктері мен жаңа өнертабыстарын ұсынды.

Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған?