Өз отбасының өліміне күдікті Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға жатқызылды
Атыраудағы қанды қылмысқа күдіктілер сараптамадан өтті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда бір отбасының өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында негізгі күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваға кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, күдікті арнайы медициналық мекемеге орналастырылып, стационарлық жағдайда жан-жақты тексеріліп жатыр. Сараптама оның мінез-құлқы мен алғашқы жауаптарына байланысты белгіленген.
Вице-министр бұл іс бойынша өзге күдіктілердің жоқ екенін нақтылап, тергеу аясында негізгі тұлғалар ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қарастырылып отырғанын айтты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сараптама қорытындысы істің әрі қарайғы бағытына тікелей ықпал етпек.
Материал авторы