Шымкентте 8-сынып оқушысы өз үйінде өлі күйінде табылды
Баланың мәйітін туыстары тапқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте мектеп оқушысының өліміне қатысты қайғылы жағдай тіркелді. Сегізінші сыныпта оқитын жасөспірімді үйінен туыстары тапқан. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның өмір белгілері болмағанын анықтаған. Бұл туралы Otyrar.kz жеткізді.
Қалалық білім басқармасы мәліметінше, оқиға 6 сәуір күні, оқушы үйінде болған кезде орын алған. Ресми дерекке сәйкес, жасөспірім бұған дейін арнайы медициналық есепте тұрмаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция барлық мән-жайды анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші