«20 рет пышақ сұққан»: Жәйремде төрт баланың анасы көз жұмды

09.04.2026, 11:36
283
«20 рет пышақ сұққан»: Жәйремде төрт баланың анасы көз жұмды марқұмның туыстары ұсынған

Марқұмның күйеуі әйелді ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысының Жәйрем кентінде ауыр қылмыс тіркелді — 42 жастағы төрт баланың анасы қаза тапты. Бұл іске оның 33 жастағы бірге тұрған серігі күдікті ретінде қарастырылып отыр. Жағдай туралы Tengrinews.kz жазды.

Марқұм Айгерімнің туыстарының айтуынша, ол еңбекқор, өз ісін дөңгелеткен жан болған. Әйел өз күшімен дүкен сатып алып, бірнеше пәтер иеленіп, оларды жалға беріп, төрт баласын өзі асыраған. Үнемі табыс табудың жолын іздеп, отбасын толық қамтамасыз етіп отырған.

Айгерімнің артында төрт бала қалды. Үлкен ұлы — студент, екіншісі мектепте үздік оқиды. Кенже балаларының бірі — бес жастағы қыз, оның денсаулығына байланысты ерекше күтім қажет болған. Туыстарының сөзінше, анасы оның сауығып кетуі үшін бар күшін салған.

Жақындарының мәліметінше, әйел бірге тұрған ер адаммен ресми некеде болмаған. Алғашында ол қамқорлық танытқанымен, уақыт өте келе мінезі өзгеріп, қызғаныш, агрессия және зорлық белгілері жиілеген. Ер адам жұмыс істемеген, ішімдікке әуес болған, ал барлық шығын Айгерімнің мойнына түскен.

Туыстары отбасындағы қысым жүйелі сипат алғанын айтады. Әйел бірнеше рет полицияға жүгінгенімен, жағдай түбегейлі шешілмеген. Соған қарамастан, ол қарым-қатынасты үзбей, отбасын сақтап қалуға тырысқан.

Оқиға болған күні Айгерім жұмыс орнында болған. Туыстарының айтуынша, ер адам сол жерге келіп, жанжал кезінде әйелге 20 рет пышақ жарақатын салған. Кейін күдікті өзіне де зақым келтіруге әрекет жасаған.

Қазір аталған факті бойынша «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті медициналық мекемеде полицияның күзетімен жатыр. Емдеу аяқталған соң ол тергеу изоляторына жеткізіледі.

Полиция тергеу барысы ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.

Марқұмның туыстары балаларға қамқорлық мәселесін шешіп, әділ тергеу жүргізілуін талап етуде.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды