SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысында орын алған отбасы трагедиясына қатысты пікір білдіріп, Ақбаян Мұқанғалиева мен оның жолдасы Сұлтан Сәрсемәлиевтің жағдайына тоқталды.
Оның айтуынша, Ақбаянның қазіргі психологиялық халін босанғаннан кейінгі депрессиямен байланыстыруға болады. Журналист қоғамдағы әйелдердің психологиялық қолдаусыз қалуына алаңдаушылық білдірді.
«Ақбаян… 5-ші баласын туды, еш қолдау жоқ, күйеуі анау. Послеродовая депрессияны ешкім түсінбейді, жын кірді деп анда апарып, мында апарып, Индонезиядан бір-ақ шықты. Одан келіп өз ата-анасын, туғандарын өлтірген күдікті болып, ауытқу деп жындыханадан бір-ақ шықты. Балаларын құдай аясын», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, Гүлмира Әбіқай бұл жағдайдың жалғыз емес екенін атап өтті: көптеген әйелдер дәл осындай қиын кезеңді бастан кешіреді.
«Босанғаннан кейінгі депрессия деп баса айтып отырғаным маған хат жазған көп әйел, дәл осы кезде босанған соң қолдау болмаған соң ажалын тапты. Ессіз көшеге шығып, емшектегі балаларын тастап, үй-жай, бала-шағасын ұмытып талай әйел із-түссіз жоғалып кетті ғой. Шолпан сол күйі табылмады, Ардақ жоқ болды, Шынар жындыханаға түсті… айта берсең көп. Ал, күйеулері еш уайымсыз 5-6 баланы тастап, жас әйел алып алған», – деді ол.
Журналист әйелдерге үндеу жасап, өз бақыты мен психологиялық жағдайын бірінші орынға қою қажеттігін айтты. Бұған қатысты оқырман пікір қалдырып, желі қолданушыларын жылатты:
«Сұлтан сотталып кетсе де, оны әке-шешесі мен бауырлары бар, жаман болса да іздеп барады түрмеге. Ал Ақбаян ше? Ол жетім қалды. Ата-ана жоқ, бауыр жоқ, енді міне ауытқуы бар деп жындыханаға тоғытты. Ал балалар жетімдер үйінде. Өмір ешкімді аямады. Сөзге ерді ме? Өзге діннің азғыруы ма, бәрібір, енді өмір ертегідей болмайды», – деді оқырман.
RUS