Тұрсын Алагөзов «Парасат» орденін иеленді
Баян Алагөзованың күйеуі жоғары наградамен марапатталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсын Алагөзов мемлекеттік награда – «Парасат» орденін иеленді. Бұл жаңалықты ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Жарияланған видеода әсерлі сәт көрініс тапқан: кадр сыртында Баян Алагөзованың дауысы естіліп, ол жолдасын шын жүректен құттықтайды.
Кәсіпкер өз жазбасында елге қызмет етудің маңызын атап өтті.
«Еліңе қызмет ету – әр азамат үшін үлкен жауапкершілік. Туған жерге пайдаңды тигізу – абырой. Бүгінгі іс ертеңгі ұрпаққа үлгі болсын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Тұрсын Алагөзовты марапатымен құттықтап, жылы пікірлерін жаудырды. Көпшілік оның қарапайымдылығын, қайырымдылық істерін атап өтті.
Айта кетейік, «Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер саласының өкілдеріне, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерге, сондай-ақ елдің рухани әрі зияткерлік дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.
Материал авторы