407

АҚШ блогері Қазақстандағы сапарына шағымданды: Министрлік жауап берді

Мені шақырып, кейін ұмытып кетті дейді блогер.

АҚШ блогері Қазақстандағы сапарына шағымданды: Министрлік жауап берді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанға келген америкалық блогер елдегі қабылдауға қатысты наразылығын білдірді. Ол өзін Туризм министрлігі шақырғанын айтып, алайда келгенде ешкім қарсы алмағанын мәлімдеді.

Camperghini есімді саяхатшы Instagram парақшасында сапары туралы жазба жариялаған. Оның айтуынша, сапар алдын ала ұзақ уақыт жоспарланып, келісілген. Алайда Қазақстанға келген сәтте оны ешкім қарсы алмаған.

«Елге ресми түрде шақырылғаныңызды елестетіңіз. Барлығын келісесіз, жоспарлайсыз. Бірақ келген күні сізді жай ғана «ұмытып кетеді». Сөз көп болды, бірақ іс жүзінде деңгей төмен», – деп жазды блогер.

Ал Туризм және спорт министрлігі бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, блогер Қазақстанға ресми түрде шақырылмаған.

«Министрлік шетелдік блогерлермен ақпараттық турлар аясында жұмыс істейді. Бірақ жеке тұлғаларды бөлек шақыру тәжірибесі жоқ», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы блогермен байланыс болғанын растады. Алайда келіссөздер нақты нәтижеге жетпеген.

Айта кетейік, Camperghini әлемді аралау үшін Lamborghini Urus көлігін арнайы кемперге айналдырып, сол мақсатта өзінің мүлкін сатқан. Қазіргі таңда оның Instagram желісінде 800 мыңнан астам оқырманы бар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор