Найзағай, нөсер, көктайғақ: Елде ауа райы күрт өзгереді

10.04.2026, 09:01
258
Найзағай, нөсер, көктайғақ: Елде ауа райы күрт өзгереді Sputnik/Ертай Сарбасов

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіліп, кей өңірлерде қар аралас жауын-шашын жауады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз сипат алып, бірқатар қауіпті құбылыстар тіркелмек. Синоптиктер елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын ескертті. Солтүстік өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын қармен араласуы мүмкін.

Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсер жауын күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, кей тұста екпінді дауылға ұласуы ықтимал. Аталған өңірлерде бұршақ жауу қаупі де бар. Ал солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін, бұл жол-көлік оқиғалары мен жарақат алу тәуекелін арттырады.

Төтенше жағдайлар қызметі өрт қаупінің жоғары деңгейіне де назар аудартады. Қауіп әсіресе Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстік, батыс және оңтүстік бөліктерінде, Жетісу өңірінің солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.

Мамандар ашық аумақтарда және орманды аймақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды