Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі уақытта тіркеліп, мамандар жедел мәлімет таратты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 сәуір күні Астана уақытымен сағат 03:25 шамасында Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының жедел деректеріне сүйеніп хабарланды.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 42,57 солтүстік ендік пен 84,35 шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Энергетикалық класы K=11.5 деңгейінде тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте жатқан. Магнитудасы 4,8 болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, дүмпу салдарынан қирау мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші