532

«Дикий Арманның» әйелі ажырасқанын ресми мәлімдеді

20 жылға сотталған Жұмагелдиевтің жұбайы ажырасқанын хабарлады.

«Дикий Арманның» әйелі ажырасқанын ресми мәлімдеді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстандық актриса әрі дизайнер Айкөл Әлікжанова жұбайы Арман Жұмагелдиевтен (лақап аты — «Дикий Арман») ажырасқанын жариялады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Әлікжанованың айтуынша, олар ресми некеде болған және отбасында бір қыз дүниеге келген. Жақында ерлі-зайыпты ажырасып, бұл шешімге бастамашы күйеуі болған.

Дизайнердің сөзінше, айырылысу оңайға соқпағанымен, арада ешқандай жаулық қалмаған. Олар алдағы уақытта баланы бірге тәрбиелеуді жалғастырады. Сондай-ақ ол түрлі қауесеттердің алдын алу үшін бұл жағдайды өзі ашық айтуға шешім қабылдағанын жеткізді.

Айкөл Әлікжанова — «Мисс Кыргызстан — 2014» және «Мисс Интернет KG — 2012» байқауларының жеңімпазы. Кейін хиджаб киіп, мұсылмандық сән бағытына бет бұрған.

Еске салсақ, Арман Жұмагелдиев 2025 жылғы 27 қаңтарда ұйымдасқан қылмыстық топ құру, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Материал авторы