Аралда ер адам бір түйе үшін 5 жылға сотталып кетті
Бұрын сотталған жігіт бұл жолы да заңды бұзған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысы Арал аудандық сотында түйе ұрлағаны үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып, оған нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін де мүлікке қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған ер адам бұл жолы да заңнан сабақ алмаған. Ол бөтеннің үй ауласына қоршаудан асып кіріп, бір түйені ұрлап кеткен.
Қылмыстық әрекет салдарынан жәбірленушіге 800 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Сот барысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Оны өз мойындауы, жәбірленушінің және куәгерлердің көрсетулері, сондай-ақ жиналған дәлелдердің жиынтығы растаған.
Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Материал авторы