Алматы облысында мас еркек әйелді күрекпен ұрып, қолын сындырған (ВИДЕО)

10.04.2026, 11:13
222
Алматы облысында мас еркек әйелді күрекпен ұрып, қолын сындырған (ВИДЕО) бейнежазбадан

Ауылда ер адам әйелге аулада шабуыл жасаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Суықсай ауылында әйелге жасалған қатыгез шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан жергілікті амбулатория меңгерушісі ауыр жарақат алды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 3 наурыз күні күндіз 49 жастағы ер адам мас күйінде әйелдің үйінің ауласында оған шабуыл жасаған. Жанжал ер адамның әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізуінен басталған. Әйел ескерту жасаған сәтте, күдікті оған тап беріп, күрекпен бірнеше рет соққы жасаған, соның ішінде бас тұсына да соққылар тиген.

Оқиғаны тоқтатуға көршілер араласып, балалардың айқайын естіп жеткен тұрғындар шабуылдаушыны әрең тоқтатқан.

Жәбірленуші екі қолының сынуы, көптеген көгеру мен жарақат алған. Дәрігерлер оның басы мен саусақтарына тігіс салған. Қазіргі уақытта әйел ауруханада ем қабылдап жатыр.

Полиция күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Аталған дерек бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайлары тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды