Дастан Сәтпаев «Дарын» жастар сыйлығын иеленді

10.04.2026, 13:23
206
Дастан Сәтпаев «Дарын» жастар сыйлығын иеленді @madenietaqparat

Министр Дастан Сәтпаевтың жас буынға үлгі болып жүргенін атап өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласында Аида Балаева Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады.

Футболшы 2025 жылғы марапаттың «Спорт» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Алайда жарыс кестесіне байланысты ол 2025 жылғы 26 қарашада өткен салтанатты рәсімге қатыса алмаған еді.

Салтанат барысында министр спортшының жетістігін атап өтіп, оның жас буынға үлгі болып жүргенін ерекше айтты.

«Сіз тек жоғары нәтижелер көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа бағыт беріп келесіз. Балаларды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Спорт — адамды үлкен жетістіктерге жетелейтін, елдің абыройын арттыратын маңызды сала. Сіздің табыстарыңыз жастарға үлгі болып, бұл марапат жаңа биіктерге жол ашсын», — деді Аида Балаева.

Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, өнер, қоғамдық қызмет және спорт салаларында үздік нәтижеге қол жеткізген дарынды жастарға беріледі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды