Молдова Нұрлан Сабыровтың концерттерін тоқтатып, оны «орынсыз» деп таныды

10.04.2026, 16:34
213
Молдова Нұрлан Сабыровтың концерттерін тоқтатып, оны «орынсыз» деп таныды Maksim Konstantinov / Global Look Press

Ресейдегі жағдайдан кейін Нұрлан Сабыровтың шетелдегі гастрольдері тоқтатылып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Молдова билігі қазақстандық комик Нұрлан Сабыровтың ел аумағындағы концерттерін өткізуге қарсы шықты. Сонымен қатар әншілер Диана Арбенина мен Олег Винниктің де жоспарланған гастрольдерін тоқтату ұсынылды.

Молдова Мәдениет министрлігі бұл іс-шараларды «орынсыз» деп бағалап, ұйымдастырушыларға келісімшарттарды қайта қарауды ұсынған. Ведомство мұндай шешім ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін қажет екенін атап өтті. Атап айтқанда, әртістердің елге кіре алмауы немесе концерттердің соңғы сәтте тоқтатылуы сияқты жағдайлар туындауы мүмкін.

Бұған дейін Нұрлан Сабыровтың шетелдегі концерттері төңірегінде бірнеше даулы жағдай тіркелген. Атап айтқанда, оның Шанхайдағы концерті өтпей қалған. Сондай-ақ ақпанда ресейлік БАҚ-та комиктің Ресейге 50 жылға кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде әртіс Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталып, кейін Алматыға қайтып кеткен.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты Сабыровтың өзі немесе оның өкілдері ресми түрде көмек сұрамағанын мәлімдеген. Кейінірек Бас прокуратура мен өзге де құзырлы органдар әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға байланысты түсініктеме берген.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті комикке қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Бұл әлеуметтік желілерде тараған оның жеке әскери компанияларға қатысы бар деген мәліметтерге байланысты басталған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды