SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеуде мектеп оқушысы бірнеше күн бойы диванның қаптамасын жеп, ақыры ота үстелінен бір-ақ шықты. Оқиға тұрмыстық саладағы күтпеген әрі алаңдатарлық жағдайлардың бірі ретінде бағаланып отыр.
Белгілі болғандай, бала жиһаздың матасын жасырын түрде «ас» ретінде тұтынып жүрген. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы күрт нашарлап, құсу мен іштің қатты ауыруы мазалаған. Соның салдарынан ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер бастапқыда асқазанда жиналған бөгде заттарды эндоскопия арқылы алуға тырысқанымен, бұл әдіс нәтиже бермеген. Содан кейін хирургиялық араласуға шешім қабылданған. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған операция сәтті өтіп, асқынусыз аяқталған.
Отадан кейін балаға психологиялық көмек көрсетіліп, тиісті бақылаудан соң үйіне шығарылған. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.
RUS