738

«Шешіне бастады ма?»: Хиджабын шешкен Айдана Меденова сұлулығымен көпті таңғалдырды

Тыңдармандардың бірі әншінің табиғи сұлулығына тәнті болса, енді бірі оны сын астына алды.

«Шешіне бастады ма?»: Хиджабын шешкен Айдана Меденова сұлулығымен көпті таңғалдырды
instagram.com/aidanamedenova_officialpage

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Айдана Меденова орамалын шешіп, жаңа образымен көпшіліктің қызу талқысына түсті. Өнер иесі бұл жолы ақ оюлы көйлек киіп, гүлдер арасында түскен фотоларын жариялаған.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің сұлулығына тәнті болып, қолдау білдірсе, енді бірі оның стиліндегі өзгерісті сынға алды. Пікірлер екіге жарылып, қызу талқылауға ұласты.

«Корея фильмінен шыққандай», «Мына сұлулықты адамдардан жасыру — күнә, бұндай сұлулықтан шабыт аламыз», «Періштедей», — деп жазды қолдаушылар.

Ал сын айтқандар да үнсіз қалған жоқ.

«Түсінбеймін, мейлі орамалды шешіпті. Енді мынау не, аяқ, кеуде бәрін көрсетіп. Мұндай көйлекпен түскенше, біржола шешініп түсе салмай ма», «Орамалды шешті, енді біртіндеп бәрін шешуге көшті. Жақында мүлде бәрін шешіп тастайтын шығар», «Қазақтың өнерлі қызы еді. Арабтың киімін шешкені дұрыс болған шығар, бәлкім діннің не екенін түсінген болар», — деген пікірлер де жарияланды.

Айта кетейік, Айдана Меденова соңғы уақытта жеке стиліндегі өзгерістерімен жиі назарға ілігіп жүр. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор