Баян Алагөзова күйеуінің биін қайталаған адамға 500 мың теңге бермек

Аиса Махамбет Редактор
10.04.2026, 18:56
372
Баян Алагөзова күйеуінің биін қайталаған адамға 500 мың теңге бермек instagram.com/bayanmaxatkyzy

Тұрсын Алагөзовтың биі TikTok-та қысқа уақытта миллиондаған қаралым жинап, желіде кең тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде ерекше байқау жариялады. Ол күйеуі Тұрсын Алагөзовтың биін дәлме-дәл қайталай алған адамға 500 мың теңге беруге дайын екенін мәлімдеді.

Барлығы TikTok-та тараған видеодан басталды. Онда Тұрсын Алагөзов еркін, көңілді биімен көпшіліктің назарын аударған. «Жан би сұрайды» деген сипаттамамен жарияланған ролик небәрі қысқа уақытта 2,4 миллион қаралым жинап, қызу талқыға түсті.

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, түрлі пікір қалдырды.

«Жарайды, оған бәрі жарасады, билегені де өзіне үйлеседі», «Үйің 2 мың шаршы метр, жерің 4 гектар болса, осылай билейсің», «Мен де билеп көрем, бәлкім байып кетермін», «Миллионердің биі», «Жастықта билеуге уақыт болмаған ғой», «Бай болсам, ешкімге айтпаймын, бірақ белгілері байқалып тұрады», — деп жазды олар.

Видеодан кейін Баян Алагөзова да шет қалмай, челлендж жариялады. Ол Instagram парақшасында «Осы биді айнытпай қайтала» атты байқау басталғанын хабарлады. Продюсердің айтуынша, бұл биді дәл көшіру мүмкін емес, бірақ егер біреу орындай алса, 500 мың теңге сыйақы беріледі. Қатысушылар видеоны TikTok-қа «Алагөзов айнытпай» хештегімен жүктеуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Баян мен Тұрсын Алагөзовтар жаңа үйлерін көрсетіп, желіде қызу қызығушылық тудырған еді.  

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)