Ақтөбеде парашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне кінәлілер сотталды

11.04.2026, 11:24
647
Ақтөбеде парашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне кінәлілер сотталды Жаңалықтар КТК Youtube арнасы

800 метр биіктікте парашют ашылмай, жас сарбаз қаза тапты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 18 жастағы курсанттың ісі бойынша үкім шықты. Сот процесі ашық форматта өтіп, оған Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының қызметкерлері қатысқан.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 15 шілдесінде Ақтөбедегі «Айбын» әуеайлағында болған. Сот материалдарына сәйкес, тексеру барысында майор Нұржан А. курсантты парашютпен секіруге рұқсат берген. Алайда талап бойынша секіру мәжбүрлі ашылу жүйесімен жүзеге асуы тиіс еді. Соған қарамастан, курсант қолмен ашылатын парашютпен секірген.

Бірнеше минуттан кейін шамамен 800 метр биіктікте парашют ашылмай қалған. 2006 жылы туған курсант оқиға орнында көз жұмды.

Сот майор Нұржан А. мен кіші сержант Заманбек Т.-ны қызметке салғырт қарау бабы бойынша кінәлі деп таныды. Нәтижесінде, олар тиісінше 4,5 жыл және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот Қорғаныс министрлігін марқұмның отбасына моральдық шығын үшін өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот шешімімен 20 миллион теңге көлемінде өтемақы өндірілетін болды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды