Гүлнұр Оразымбетова келін іздеп жүр: Әнші алғаш рет ұлдарын елге көрсетті

Азиз Қалижан Редактор
11.04.2026, 15:28
567
Гүлнұр Оразымбетова келін іздеп жүр: Әнші алғаш рет ұлдарын елге көрсетті instagram.com/gulnurorazymbetova

Желі қолданушылары оның ұлдарының сымбатына ерекше назар аударды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын өзіне аударды. Өнер иесі екі ұлымен түскен суретін жариялап, әзіл-шыны аралас «келін іздеп жүргенін» меңзеді.

«Осы екі жігіттің “мамасымын”. Келіндер қайда жүр екен», — деп жазды әнші парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің ұлдарының сымбатына сүйсініп, түрлі пікір қалдырды. Көпшілік олардың сырт келбетіне таңғалып, әзілге толы жылы лебіздерін жаудырды.

«Шынымен мамасысыз ба, әпкесі емессіз бе?», «Екі жігітке еліктің сұлу лағындай жар, өзіңізге адал келін бұйырсын», «Екінші ұлыңыздың енесімін», «Секеңнен аумайды екен балалары, бақытты болсын, биыл 70-ке келеді ғой», «Красавчик жігіттер екен», «Болашақ келіндеріңіз әлі мектепте, емтиханға дайындалып жүр», «Краштар ғой», — деп жазды олар.

Жазба қысқа уақыт ішінде қызу талқыланып, желіде кеңінен тарады.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)