SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада BMW көлігін тізгіндеген жүргізуші бірнеше мәрте жол ережесін өрескел бұзғаны үшін ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынды. Полицейлер оның әрекетін қауіпті әрі жүйелі құқықбұзушылық деп бағалады.
Көлік Қүйші Дина көшесінде тоқтатылған. Рөлде 27 жастағы азамат болған. Тексеру барысында оның ұзақ уақыт бойы жол қозғалысы ережелерін әдейі бұзып келгені анықталған.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері жүргізуші 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 59-ы жылдамдықты асырғаны үшін. Ең қауіпті жағдайлардың бірі — Әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен қызыл шамға өтіп кеткені. Сондай-ақ оның рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүргені де тіркелген.
Тәртіп бұзушыға ұсақ бұзақылық бабы бойынша жаза қолданылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Көлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.
RUS