Семейде арыстандарға тас лақтырғандар жұртты ашуландырды (ВИДЕО)

12.04.2026, 14:30
168
Семейде арыстандарға тас лақтырғандар жұртты ашуландырды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Балалардың көзінше ересек адамдар жануарларға тас лақтырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған ер адамдардың әрекеті қоғамда үлкен наразылық туғызды. Даулы видео балалар биологиялық орталығының аумағында түсірілген.

Кадрларда бір топ ересек адамның жыртқыш аңдар отырған қоршауға тас лақтырып тұрғаны көрінеді. Жазбаны орталықтың өзі жариялап, мұндай әрекетті «әзіл» деп қабылдауға болмайтынын мәлімдеді.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайлар соңғы уақытта жиілеп кеткен. Келушілер, соның ішінде ересектер де, жануарларға тас, таяқ және түрлі заттарды лақтырып, оларды әдейі мазалайды.

Орталық қызметкерлері жануарлар ойын-сауық нысаны емес екенін еске салды. Олар да ауырсынуды, қорқыныш пен күйзелісті сезінеді. Ең алаңдатарлығы — мұндай әрекеттерді балалардың қайталауы.

Биоорталықта жануарларға қатыгездік жасауға тыйым салатын заң бар екені де ескертілді.

Абай облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру басталғанын хабарлады. Қазір бейнебақылау жазбалары зерттеліп, куәгерлер анықталып жатыр. Кінәлі тұлғалар табылған жағдайда олардың әрекетіне заң аясында баға берілмек.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)