SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Кешью» тобының бұрынғы мүшесі Анель Аринова әріптесі Кәмшат Жолдыбаева туралы күтпеген мәлімдеме жасап, оның топтан кетуіне қатысты өз нұсқасын айтты.
Аринованың сөзінше, Кәмшат концерттің дәл алдында топтан кеткен.
«Концертке шығар сәтте Кәмшат кетіп қалды. Ол өзінің мінезін көрсетті, содан кейін оны құрамнан алып тастады», — деді ол.
Ал топтың тағы бір бұрынғы мүшесі Мөлдір Әуелбекова бұл жағдайға өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, Кәмшат шығармашылық жолын шетелде жалғастыруды жоспарлаған.
«Голливудқа кетіп, сол жақта бағындырғысы келгенін естідім. Содан кейін кетіп қалды. Кейін біз де топтан шықтық», — деді әнші.
Осылайша, топтан кету себептері әртүрлі нұсқада айтылып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
RUS