535

«Шошаңдамай жүру керек еді»: Шымкенттегі автофестивальде әзілкешті көлік қағып кетті (ВИДЕО)

«Миллион» тобының мүшесі, жайдарманшы Мансар Орынханды көлік қағып кеткен.

«Шошаңдамай жүру керек еді»: Шымкенттегі автофестивальде әзілкешті көлік қағып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте өткен автокөлік фестивалі кезінде күтпеген оқиға болды. «Миллион» әзіл-сықақ құрамасының мүшесі Мансар Орынхан фестиваль барысында көлік қағып кеткен.

Оқиғаға қатысты әзілкештің өзі түсініктеме беріп, жағдайдың әдейі жасалмағанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі жағдайы жақсы, денсаулығына қауіп жоқ.

«Құдай ешкімнің басына бермесін. Мұны тіпті жауыма да тілемеймін», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқырмандар бұл жағдайға шошып, әзілкештің амандығын тіледі.

«Ең бастысы, аман-есен екен. Мұндай шараларда қауіпсіздік қатаң болуы керек», «Фестиваль қызық өтеді деп ойлағанбыз, бірақ мұндай жағдайды ешкім күтпеді», «Тез сауығып кетсін. Шынында қорқынышты жағдай екен», «Шошаңдамай жүру керек еді», «Ұйымдастырушылар қауіпсіздікке көбірек мән беруі керек сияқты», «Бастысы – адам аман қалды. Қалғаны екінші орында», - деп жазды олар.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор