Алматыда балалар пойызға жармасып жүрген қауіпті сәт видеоға түсті (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
13.04.2026, 17:49
143
Алматыда балалар пойызға жармасып жүрген қауіпті сәт видеоға түсті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Оқиғаның нақты уақыты мен орны әзірге анықталып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әлеуметтік желілерде үш баланың жүк пойызының сыртынан ұстап, қозғалыс кезінде бірге жүрген сәті түсірілген видео тарады. Бұл әрекет олардың өміріне тікелей қауіп төндірген.

Кадрларда кәмелетке толмағандардың жүріп бара жатқан пойыз вагондарына жабысып, қауіпті жағдайда қозғалғаны көрінеді. Оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны әзірге анықталып жатыр.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, аталған бейнежазба бойынша тексеріс басталған.

«Әлеуметтік желілерде тараған, қозғалыстағы құрамның сыртында жүрген адамдар бейнеленген видео фактісі бойынша материал Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасында тіркелді. Қазір оқиғаның уақыты, орны және барлық мән-жайы, сондай-ақ қатысушылардың жеке тұлғалары анықталуда», — делінген ресми хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)