SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Төреғали Төреәлі жары мен жаңа туған қызын перзентханадан ерекше сән-салтанатпен шығарып алды. Отбасындағы бұл қуанышты сәт әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.
Өнер иесі қуанышты оқиғаның кадрларын жеке парақшасында жариялап, жүрекжарды жазба қалдырды.
«Толқынның махаббатынан жаралған ең асыл сый», — деп жазды ол.
Перзентханадан шығу рәсімі ерекше дайындықпен өткен: үлкен қуыршақтар, сан түрлі шарлар және көлемді гүл шоқтары қойылған. Жазба қысқа уақытта ондаған мың лайк жинап, желі қолданушылары жаңа туған сәбиіне амандық пен бақыт тіледі.
Бұл қуанышты сәтке қатысты жазбаны әншінің қарындасы Фариза Төреәлі де бөлісті. Ол отбасындағы үлкен қуанышты атап өтіп, жетінші рет ана атанған жеңгесіне алғыс білдірген.
Сондай-ақ үй ішінде де арнайы безендіру жасалған: ашық түсті шарлармен көмкерілген фотозона орнатылып, мерекелік атмосфера қалыптасқан.
Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің отбасында жетінші баланың дүниеге келгені хабарланған болатын. Кейін ол сәбиге берілген есімді де жария етті.
RUS