«Олар менің туған қыздарым емес»: Тұрсын Алагөзов отбасы туралы ашық айтты

Аиса Махамбет Редактор
14.04.2026, 11:33
162
«Олар менің туған қыздарым емес»: Тұрсын Алагөзов отбасы туралы ашық айтты әлеуметтік желіден

Кәсіпкер өгей қыздарымен қарым-қатынасы туралы шындықты ашып айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұбайы Баян Алагөзованың қыздары Айсәуле мен Айарумен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Ол бұл тақырыпты «Әке» подкастына берген сұхбатында қозғады.

Кәсіпкердің сөзінше, олардың арасындағы байланыс ресми мәртебеден емес, уақыт өте қалыптасқан шынайы сезімнен туған.

«Олар менің туған қыздарым емес. Мені “аға” деп атайды. Бұл – өмірдің өзі құрған жағдай. Олар мені таңдаған жоқ, мен де оларды таңдаған жоқпын. Бірақ тағдыр бізді бір отбасыға біріктірді», – деді ол.

Алагөзов қыздардың өз әкесі бар екенін, олармен байланысын үзбегенін де атап өтті. Соған қарамастан, өзі де олардың өмірінде жақын адамға айналғанын жасырмады.

«Олардың өз әкесі бар – оны құрметтейді, жақсы көреді. Бұл – заңды нәрсе. Мен ол араға араласпаймын. Бірақ уақыт өте біз бір-бірімізге жақындадық. Мұндай қатынаста жалғыз құрал бар – ол махаббат», – деді кәсіпкер.

Ол қыздардың мінез ерекшеліктеріне де тоқталды. Айсәулемен тіл табысу жеңілірек болса, Айарумен қарым-қатынас құру қиынырақ болған.

«Айсәуле ашық, түсінісу оңай. Ал Айару – тұйық, талапшыл. Онымен байланыс орнату оңай болған жоқ. Бірақ мен оны құрметтеймін. Оның қолынан бәрі келеді – ісмер, еңбекқор. Соған қарап сүйсінемін», – деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, мұндай қарым-қатынаста қиындықтар да болмай тұрмайды. Дегенмен ересек адамдар ретінде кешірім мен түсіністік басты орында болуы тиіс.

«Кейде ауыр сәттер болады. Бірақ өмір тоқтамайды. Кешіре білу керек. Кешіру – әлсіздік емес. Керісінше, ол адамның ішкі күшін көрсетеді. Сүйе білсең, өмір жеңілдейді», – деді Алагөзов.

Сұхбат барысында ол Айсәуленің күйеуі Әлішер Қайдаров туралы да пікір білдірді. Кәсіпкер оның әкесінен айырылғанын ескеріп, өзіне белгілі бір жауапкершілік жүктелгенін айтты.

«Оған бағыт-бағдар беруге тырысамын. Өмірлік тәжірибені ешқандай оқу орны толық бере алмайды. Сондықтан жақын адам ретінде көмектесу – менің міндетім», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов бірінші некесінен туған балаларымен арақатынасын қайта қалпына келтіргені белгілі болған еді. Кейін ол оларды кіші қыздарымен таныстырып, отбасылық байланыстарды қайта жаңғыртуға қадам жасаған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды