Маңғыстаудың көрікті табиғаты дрифт алаңына айналып барады (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
14.04.2026, 12:15
199
Маңғыстаудың көрікті табиғаты дрифт алаңына айналып барады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Блогердің айтуынша, сирек өсімдіктер өсетін аймаққа ауыр экологиялық зиян келтірілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы ерекше табиғи нысан — «Қамалдар алқабы» дрифт алаңына айналғаны қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктердің қорғалатын аумақта дрифт жасап жүргені көрінеді.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жариялаған бейнежазбада жүргізушілердің табиғи ландшафтқа еш мән бермей, сирек кездесетін аймақты бүлдіріп жатқаны анық байқалады.

Блогердің айтуынша, мұндай әрекеттер өңірдің экожүйесіне айтарлықтай зиян келтіреді.

«Бұл – Қамалдар алқабы емес, қоқыс пен вандализм орнына айналып бара жатқан аймақ. Ойсыз әрекеттердің салдарынан бірегей табиғат біртіндеп жансыз шөлге айналуда. Ал дәл осы жартастардың етегінде Қызыл кітапқа енген согдий қызғалдақтары өседі», – деп жазды ол.

«Қамалдар алқабы» Маңғыстаудың ең танымал туристік орындарының бірі саналады. Ерекше жартас пішіндері мен табиғи көріністері жыл сайын мыңдаған туристі тартады.

Видео тарағаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары жаппай наразылық білдірді. Көпшілік мұндай әрекеттерді табиғатқа жасалған ашық қиянат деп бағалап, жауапкершілікті күшейтуді талап етті.

Пікірлерде кейбір қолданушылар табиғи аумақтарға көлікпен кіру үшін қатаң айыппұл енгізуді ұсынса, енді бірі мұндай заңбұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айыру қажет екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізінің жағалауына жол талғамайтын көлікпен кіріп, табиғатқа зиян келтірген өзбек блогері 86 500 теңге айыппұл төлеген болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды