«Менде тек көлік қалды»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы неке шарты туралы шындықты айтты

Азиз Қалижан Редактор
14.04.2026, 13:29
240
«Менде тек көлік қалды»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы неке шарты туралы шындықты айтты instagram.com/kerey_khan03

Гүлайым неке шарты Дубайға отбасылық демалыстан кейін талқыланғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым ерлі-зайыптылар арасында неке шарты жасалғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Руслан Өтепбайдың YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Гүлайымның сөзінше, неке шарты туралы әңгіме 2025 жылдың наурыз айында Дубайға отбасылық демалыстан кейін қозғалған.

«2025 жылдың наурызында үш баламызды алып, Дубайға демалуға бардық. Содан кейін сәуір айында ол неке шарты туралы айта бастады. Басында күліп, мән бермедім. “Менде ештеңе жоқ қой. Кем дегенде тұрып жатқан үйді бер немесе бизнес ашып бер, сонда қол қоямын. Сен мені қорқып отырсың ба? Егер солай болса, неге менімен бірге тұрасың?” дедім.

Кейін ойланып қарасам, мүмкін оның жанында – анасы немесе бауырлары тарапынан “ертең ажырасса, мүлікке таласады” деген әңгімелер болған шығар. Ондай ойлар көп отбасында болады ғой. Сосын “егер Шавкат мені тек мүлік үшін бірге жүр деп ойласа, қол қояйын” деп шештім», – деді ол.

Оның айтуынша, келісімнің негізгі шарты – әркімнің өз атына рәсімделген мүлкі өзінде қалады.

«Ажырасу болса, әрқайсымызда өз атымыздағы дүние қалады. Менде тек бір көлік бар, ол да апатқа түскен», – деді Гүлайым.

Айта кетейік, деректерге сәйкес, Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турниріндегі жекпе-жегі үшін 350 мың доллар кепіл гонорар алған. Жеңісі үшін қосымша 100 мың доллар сыйақы берілген. Жалпы табысы бонус пен төлемдерді есептегенде 1 миллион доллардан асады деген мәлімет бар.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)