Жас ғалымдар форумында Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының офицерлері үздік атанды

14.04.2026, 13:51
86
Жас ғалымдар форумында Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының офицерлері үздік атанды gov.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқытушылары әскери-арнайы оқу орындары арасындағы жас ғалымдар форумында бірінші орынды иеленді.

 

Іс-шара ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өтті. Форумға қатысушылар комиссия назарына елдің инновациялық және қорғаныс әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми жобаларын ұсынды.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес кафедрасының оқытушылары подполковник Александр Кушнарев пен капитан Бауыржан Жұмаділла байқау жеңімпазы атанды. Әскери қызметшілер байқауда шағын габаритті кедергі таратқыштың авторлық әзірлемесін таныстырды.

Сараптамалық комиссия мүшелері құрылғының жоғары технологиялылығын және қазіргі радиоэлектрондық күрес жағдайында аса қажетті практикалық маңызын ерекше атап өтті.

– Мұндай байқауларға қатысу – тек жобаны қорғау ғана емес, сонымен қатар басқа ведомстволардағы әріптестермен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы. Біздің әзірлемемізге берілген жоғары баға таңдаған ғылыми бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп, әрі қарай зерттеулер жүргізуге ынталандырады, – деді подполковник А. Кушнарев.

Форумға еліміздің барлық күштік құрылымдарынан 20-дан астам зерттеу тобы қатысқанын айта кету керек. Байқау нәтижесінде әскери оқу орнының оқытушылары I дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды