Ақтөбеде көлік төбесіне шыққан жолаушы TikTok видеосынан кейін жазаланды

14.04.2026, 15:51
161
Ақтөбеде көлік төбесіне шыққан жолаушы TikTok видеосынан кейін жазаланды әлеуметтік желіден

TikTok-та тараған видеодан кейін көлік төбесіне шыққан жолаушы жауапқа тартылды.

Ақтөбе қаласында жол үстінде жасалған қауіпті әрекет әлеуметтік желі арқылы әшкереленіп, құқық бұзғандар жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті мәліметінше, оқиға 13 сәуір күні Тәуелсіздік даңғылында тіркелген. TikTok-та жарияланған видеода Hyundai Tucson көлігінің жолаушысы қозғалыс кезінде көліктің төбесіне шығып алғаны анық көрінеді.

Полиция бұл әрекетті өрескел құқықбұзушылық деп бағалады. Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді және ауыр жол апатына әкелуі мүмкін.

Құқық қорғау органдары соңғы уақытта әлеуметтік желідегі танымалдық үшін жасалатын қауіпті әрекеттер жиілегенін атап өтті. «Хайп» қуалау көп жағдайда салдары ауыр жағдайларға соқтырады.

Полиция әлеуметтік желілерді тұрақты бақылауда ұстайтынын және осындай құқықбұзушылықтар дер кезінде анықталатынын хабарлады. Аталған оқиға бойынша қатысушылар анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)