SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасының «кәдімгі таңын» көрсететін видеоны жариялады. Кадрларда оның жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің үй ішінде еркін билеп жүргені түсірілген.
«Алагөзовтердің әдеттегі таңы», – деп қысқа ғана жазба қалдырған продюсер.
Видеода Тұрсын Алагөзов көңілді әуенге билеп, өзіне тән харизмасын көрсетеді. Біраздан кейін оған Баян Алагөзова қосылып, екеуі бірге билейді. Бір сәтте кәсіпкер жұбайын көтеріп алып, роликке ерекше динамика береді.
Желі қолданушылары бұл көріністі жылы қабылдап, пікірлерін жарыса жазды. Көпшілік жұптың энергиясына сүйсініп, мұндай қарым-қатынасқа қызығатынын жасырмады.
«Қандай позитив! Осындай көңіл-күймен өмір сүру керек», «Сіздерге қарап, қуаныштың да жұқпалы екенін түсінесің», «Нағыз үйлесім мен жылылық» деген сарындағы пікірлер жиі кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсын Алагөзовтің биі әлеуметтік желіде кең таралып, миллиондаған қаралым жинаған еді. Осыдан кейін Баян Алагөзова оқырмандарына сол биді қайталап орындау туралы челлендж ұсынып, ең сәтті нұсқаға жарты миллион теңге беруге дайын екенін мәлімдеген.
RUS