TikTok-тан сатып алынған өнім алматылықты ауруханадан бір-ақ шығарды

Азиз Қалижан Редактор
15.04.2026, 11:58
140
TikTok-тан сатып алынған өнім алматылықты ауруханадан бір-ақ шығарды pexels.com

Әлеуметтік желідегі жарнамаға сенген алматылық қауіпті өнімді қолданып өліп қала жаздады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы тұрғыны TikTok-та жарнамаланған «қауіпсіз» өнімнің құрбанына айналды. Жарнамасы жер жарған тауар ақырында ауыр аллергиялық реакция тудырып, ер адамды ауруханаға түсірді.

Оқиға әлеуметтік желідегі агрессивті маркетингтің тағы бір қауіпті қырын ашып берді. Сатушы өнімді «табиғи, тексерілген, зиянсыз» деп сендіріп, нәтиже болмаса ақшаны қайтаруға уәде берген. Осы сөзге сенген алматылық тапсырыс рәсімдейді.

Алайда препаратты қолданғаннан кейін көп ұзамай оның жағдайы күрт нашарлаған. Денесін бөртпе басып, беті мен тамағы ісіп, тыныс алуы қиындаған. Жедел жәрдем шақырылып, ер адам кешкі уақытта ауруханаға жеткізілген.

Емделіп шыққан соң тұтынушы уәде етілген ақшасын қайтармақ болған. Бірақ бұл жерде жағдай күрт өзгерген: сатушы түрлі сылтаулар айтып, қосымша сараптама мен анықтамалар талап еткен. Мұндай тексерулер отбасы үшін тым қымбатқа түскен.

Әділдікке өз күшімен жете алмаған азамат Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ведомство мамандары іске жедел араласып, құқықтық талдау жүргізген, кәсіпкерге заң талаптарын түсіндірген.

Нәтижесінде сатушы өз ұстанымын өзгертіп, тұтынушы талабын мойындады. Даулы мәселе шешіліп, алматылыққа толық көлемде — 90 мың теңге қайтарылды.

Мамандар мұндай жағдайлар әлеуметтік желілердегі жалған жарнама мен тексерілмеген өнімдердің қаупін тағы бір мәрте дәлелдейтінін айтады. Денсаулыққа қатысты тауарларды сатып аларда ресми дереккөздер мен сертификаттарға ғана сену қажет.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)