Анасын екі жыл шынжырда ұстаған әйел жұрттың жағасын ұстатты

Аиса Махамбет Редактор
15.04.2026, 13:15
273
Анасын екі жыл шынжырда ұстаған әйел жұрттың жағасын ұстатты pexels.com

Денсаулығы әлсіз зейнеткер екі жыл бойы өз үйінде шынжырмен байлаулы күйде өмір сүрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде өз анасын екі жыл бойы шынжырға байлап ұстаған әйелге сот үкімі шықты. Қарт ана адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп, толық күтімді қажет еткеніне қарамастан, бостандықсыз күн кешкен.

Оқиға Вологда облысында болған. 43 жастағы әйел бұл әрекетті бірге тұратын азаматтық некедегі серігімен бірге жасаған. Оның ісі бөлек өндірісте қаралуда.

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы анасының қозғалуына мүмкіндік бермей, оны металл шынжырмен төсекке байлап қойған. Денсаулығы нашар әрі психологиялық тұрғыда әлсіз жәбірленуші өздігінен қарсылық көрсете алмаған.

Салдарынан зейнеткер еркін жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылып, ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүрген. Бұл жағдай әйелдің кәмелетке толмаған балаларының көз алдында болған.

Сот әрекеттерді заңсыз бас бостандығынан айыру және азаптау баптары бойынша саралады. Нәтижесінде Бабаев аудандық соты айыпталушыны төрт жылға жалпы режимдегі колонияға жіберу туралы үкім шығарды.

Сонымен қатар сот жәбірленушінің пайдасына 400 мың рубль көлемінде өтемақы өндіруді міндеттеді.

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)