Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)
Оқиғаға қатысқандардың бәрі сот шешімімен жауапкершілікке тартылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада мектеп аумағына көлікпен кіріп кеткен 17 жастағы жасөспірім төбелес шығарды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Полиция бұл жағдайға қатысты түсінік берді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кәмелетке толмаған жүргізуші мектеп аумағына заңсыз кірген. Оған ескерту жасалған сәтте ол агрессия көрсетіп, жанжал төбелеске ұласқан.
Оқиғаға қатысқан барлық тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен жасөспірім де, мектеп қызметкері де ұсақ бұзақылық үшін жазаланған. Сонымен қатар көлік жүргізушісіне жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, жасөспірімнің ата-анасын тәрбиелік міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр. Материалдар оның тұрғылықты жері бойынша профилактикалық шаралар қабылдау үшін жіберілген.
Полиция мұндай оқиғаларға қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті. Себебі сөз мектептер мен балалардың қауіпсіздігі туралы болып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін де Астанада қыз үшін басталған дау көшедегі төбелеске ұласып, оқиға сотқа дейін жеткен болатын.
Материал авторы