Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО)
Көмек су тасқынынан кейін ауыр зардап шеккен өңірге бағытталған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дағыстандағы қоғам белсендісі Омарасхаб Ахмедов Қазақстаннан күтпеген гуманитарлық көмек алғанын мәлімдеді. Қаражат тасқыны салдарынан қиын жағдайға түскен өңірге бағытталған.
15 сәуір күні оған сәлемдеме келгені туралы телефон арқылы хабарланған. Кейін жарияланған видеода ол қорапты ашып, ішінен АҚШ валютасымен берілген ақшалай көмекті тапқан. Жіберуші аты-жөні көрсетілмеген.
Ахмедов бұл көмектің күтпеген жерден келгенін айтып, алғыс білдірді.
«Бүгін біз бауырлас қазақ халқынан қолдау алдық. Ешкім алдын ала хабарласқан жоқ, ескерткен жоқ — көмек тосыннан келді. Жаратқан екі дүниеде де жақсылықпен қайтарсын», — деді ол.
Бұл көмек Дағыстандағы су тасқынынан кейінгі ауыр жағдай аясында берілген. 2026 жылдың наурыз айының соңында қатты жауын салдарынан Дербент ауданындағы Геджух су қоймасының топырақ бөгеті бұзылған. Соның нәтижесінде ондаған үйді су басып, мыңдаған адам эвакуацияланған. Тасқын Махачкала мен бірнеше ауданда да айтарлықтай шығын келтірген.
Материал авторы