739

«Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты

Оқушы адамдарды атып өлтірген соң артынша өзіне қол жұмсаған.

«Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиғадан кейін 9 адамның қазасына әкелген шабуылға қатысты 14 жастағы күдікті Иса Арас Мерсинлидің тұлғасы жайлы жаңа деректер пайда болуда.

Оның мұғалімі жасөспірімнің мектептегі мінез-құлқын сипаттап, оның тұйық әрі қоғамнан оқшау жүретінін атап өтті. Педагогтың айтуынша, оқушы сабаққа тұрақты қатысқанымен, оқу процесіне белсенді араласпаған. Сабақ кезінде көбіне басын партаға қойып, ұзақ уақыт бойы бірдеңе сызып немесе жазып отыратын болған.

«Оның ең көзге түсетін ерекшелігі — ұзақ уақыт бойы бір нәрсені шимайлап отыра алатын еді», — деді мұғалім.

Сонымен қатар, жасөспірімнің достары өте аз болғаны, үзілістерде сыныптастарынан оқшау жүріп, көбіне жалғыз уақыт өткізгені айтылды.

Мұғалім оның мінез-құлқы өзгелерден ерекше екенін, тұйықтығы анық байқалғанын да жеткізді.

Ал әлеуметтік желілерде тараған оның қатыгез ойындарға қызығушылығы болуы мүмкін деген ақпарат әзірге расталмаған және тек болжам ретінде қарастырылуда.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің тұлғалық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуде.

Материал авторы