Талдықорғанда ауруханаға жатудан бас тартқан 23 жастағы спортшы қайтыс болды

17.04.2026, 13:45
423
Талдықорғанда ауруханаға жатудан бас тартқан 23 жастағы спортшы қайтыс болды әлеуметтік желіден

Жас спортшының қазасы бойынша полиция тергеу бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда 23 жастағы спортшы Аян Тұрдыбекованың қазасына байланысты мән-жай анықталып жатыр. Қыздың туыстары медицина қызметкерлерін кінәласа, дәрігерлер бұл айыптаулармен келіспейді.

Марқұмның жақын досы Гүлім Бектұрғанова жағдайдың қалай болғанын журналистерге айтып берді.

Оның сөзінше, Аян өзін нашар сезінген күні жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер тексеріп, дене қызуын түсіретін дәрі қабылдауды ұсынғаннан кейін кетіп қалған.

Алайда спортшының жағдайы жақсармай, керісінше нашарлай түскен. Сол себепті олар өздері ауруханаға барған. Бірақ көпсалалы ауруханада тіркеуі болмағандықтан қабылдамай, облыстық ауруханаға жолдаған.

Облыстық ауруханада дәрігерлер бастапқы диагноз ретінде инфекциялық ауру деп бағалап, науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген. Ол жерде Аянға екі тамшы дәрі қойылған. Уақытша жағдайы жақсарғанымен, кейін қайта нашарлап, бозарып, еріндері көгергені айтылды.

Соған қарамастан, ол ауруханаға жатудан бас тартып, жазбаша түрде қолхат қалдырған. Сол түні жағдайы күрт нашарлап, қайта шақырылған жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген. Алайда ол есін жимастан көз жұмған.

Туыстары медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеді деп есептеп, дәрігерлер тарапынан немқұрайлылық болған болуы мүмкін деген күдік айтады. Сондай-ақ олар өлім туралы құжатта себеп ретінде «белгісіз затпен улану» көрсетілгеніне күмән келтіруде.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл айыптауларға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, 9 сәуір күні сағат 18:16-да Аян Тұрдыбековаға алдын ала ЖРВИ диагнозы қойылып, ем тағайындалған.

Кейін науқас өзі облыстық инфекциялық ауруханаға жүгініп, медициналық көмек алған. Дәрігерлер оған ауруханаға жатуды ұсынғанымен, ол жазбаша түрде бас тартқан.

Басқарма дерегінше, түнгі 03:49-да қайта жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, науқасты облыстық ауруханаға жеткізген, алайда сол жерде биологиялық өлім тіркелген.

Қазір полиция оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Тексеру нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.

Спорт басқармасының мәліметінше, Аян Тұрдыбекова күреспен айналысып, самбодан аймақтық жарыстарға қатысқан.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды