Маңғыстауда 13 жастағы жасөспірімнің өлімінен кейін тексеріс басталды

Азиз Қалижан Редактор
17.04.2026, 15:33
181
Маңғыстауда 13 жастағы жасөспірімнің өлімінен кейін тексеріс басталды Virojt Changyencham/Getty Images

Жасөспірім бірнеше рет ауруханаға жатқызылмай үйіне жіберілгеннен кейін жағдайы күрт нашарлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысында 13 жастағы жасөспірімнің қазасына байланысты медициналық ұйымдарға тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Ведомство мәліметінше, оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік медициналық инспектор және тәуелсіз сарапшылар енгізілген.

19 ақпан 2026 жылы науқас санитарлық авиация арқылы Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілген. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, 13 сәуірде жасөспірім көз жұмған.

Жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, науқасты бірнеше рет ауруханаға жатқызбай үйіне жіберу, консилиумдардың өткізілмеуі, өтініштерді толық тіркемеу, науқас жағдайын жеткіліксіз бағалау және клиникалық хаттамалардың сақталмауы сияқты деректер тіркелген.

Сонымен қатар, осындай бұзушылықтар Ақтау қалалық №2 емханасында да анықталған. Министрлік мәліметінше, дәрігерлер науқастың толық анамнезін жинамаған, зертханалық нәтижелер ескерілмеген, диагноз бен клиникалық көрініс арасында сәйкессіздік болған, ал кей жағдайларда науқас тіпті бетпе-бет тексерілмеген.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы тексеру материалдары прокуратураға жолданғанын хабарлады.

Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаеваның айтуынша, тексеруді өңірлік басқарма мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті жүргізген. Нәтижесінде медициналық ұйым басшылары мен қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылған, ал материалдар Ақтау қалалық прокуратурасына құқықтық баға беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілген.

Марқұм баланың анасы Жұлдыз Азанова оқиға жайын бұған дейін баяндаған. Оның айтуынша, 17 қаңтарда баланың іші қатты ауырып, оны жедел түрде облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізген. Аппендицитке күдік болғанымен, үш сағаттық бақылаудан кейін үйіне жіберілген.

Одан кейін баланың жағдайы жақсармаған, ауырсыну мен қызуы сақталған. Отбасы бірнеше рет емхана мен инфекциялық ауруханаға жүгінгенімен, нақты диагноз қойылмай, жасөспірім қайта-қайта үйге жіберілген.

Тек жағдайы күрт нашарлағаннан кейін ғана ауруханаға жатқызылып, операция жасалған. Алайда оның жағдайы тұрақтанбай, санитарлық авиациямен Алматыға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды