SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Германиямен бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген шетелдік азаматты елге қайтарды.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2014 жылы сыбайластарымен алдын ала келісіп, компьютерлік техника жеткізуге көмектесемін деген желеумен қазақстандық кәсіпкерді алдап, одан 1 миллион АҚШ долларын иемденген.
Қылмыстан кейін ол ұзақ уақыт бойы жасырынып жүрген. Осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Тек 2025 жылдың қыркүйегінде күдікті Германия аумағында қолға түсіп, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша экстрадицияланған.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Егер кінәсі дәлелденсе, күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
RUS